Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-71-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-71-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қуанышты жаңалық!
16
октябрь
2025
Қуанышты жаңалық!
Бүгін аудандық “Менің Отаным – Қазақстан” әндер байқауында біздің “Балауса” вокалды тобы ІІ орынға ие болды! 🥈🎤Бұл — еңбектің, ынтымақ пен талпыныстың жемісі! 💫 Жетекшісі Женискуль Шахзадаевнаға шәкірттеріне берген білімі мен қолдауы үшін үлкен алғыс! ❤️ Жарайсыңдар, “Балауса”тобы!👏🇰🇿 Алда әлі де биік белестер күтеді! 🌈
Құқықбұзушылықтың түрлері мен оның салдары
08
октябрь
2025
Құқықбұзушылықтың түрлері мен оның салдары
Құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында Наурызбай ауданы ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Қаби Абылайдың қатысуымен білім алушыларға “Құқықбұзушылықтың түрлері мен оның салдары” туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Іс шараның мақсаты:  • Мектептегі тәртіп бұзу, ұсақ бұзақылық;  • Әдепсіз мінез-құлық, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар;  • Ұялы телефон мен интернетті дұрыс пайдаланбау салдарынан туындайтын заңбұзушылықтар;  • Жол ережесін сақтамау мәселелері қозғалды.
Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
05
октябрь
2025
Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Мереке барысында оқушылар ұстаздарына деген алғыстарын жүрекжарды өлеңдермен, әндермен және әсерлі көріністермен жеткізді. Іс-шара жылы лебізге, ризашылыққа және мерекелік көңіл күйге толы болды. 📚 Ұстаз – жай ғана мамандық емес, ол жүректің шақыруы, сарқылмас төзім мен балаларға деген сүйіспеншілік, болашаққа деген үлкен жауапкершілік. 🌸 Барлық ұстаздарға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, шығармашылық табыс және шәкірттерінің жетістіктеріне деген мақтаныш тілейміз! 💐 Мерекелеріңіз құтты
«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сурет көрмесі
05
октябрь
2025
«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сурет көрмесі
«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сурет көрмесіАлматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты «№15 санаториялық мектеп-интернат» КММ «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, адалдық пен әділдікке тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымын нығайту болды. Көрмеге оқушылар өз қолымен салған шығармаларын ұсынып, әр туындысында жемқорлықтың қоғамға тигізер зиянын және адал еңбектің құндылығын бейнеледі. Шара
Қуанышты жаңалық!
04
октябрь
2025
Қуанышты жаңалық!
«№15 санаториялық мектеп-интернат» КММ-нің тәжірибелі де ардақты ұстазы Қаржаубаева Райхан Халмурзаевна Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Құрмет грамотасымен, сондай-ақ Наурызбай ауданының әкімі Н. Тоғызбаеваның Алғыс хатымен марапатталды. 👏✨🌸 Бұл марапат – ұстазымыздың жас ұрпаққа сапалы білім берудегі табандылығы мен шәкірт тәрбиелеудегі адал еңбегінің лайықты бағасы. Райхан Халмурзаевнаның еңбегінің жоғары деңгейде танылуы – ұжымымыз үшін үлкен
Жүрекжарды құттықтау💐💐💐
02
октябрь
2025
Жүрекжарды құттықтау💐💐💐
Ұстаздар күні қарсаңында бастауыш сыныпта тәлім алған шәкірттері асыл ұстаздары Тагаева Турсынгуль Иманкожаевнаның шаңырағына арнайы барып, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді.Алғашқы әріпті үйретіп, білімнің іргетасын қалаған, мейірім мен парасаттың үлгісі болған ұстазымызға деген алғыс сезімі – мәңгілік. Зейнеткерлікке шықса да, шәкірт жүрегіндегі орны бөлек, шәкірт санасындағы ізі өшпес тұлға ретінде қала береді. Турсынгуль Иманкожаевнаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Мерекеңіз құтты
Аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық жасауға арналған іс-шара
01
октябрь
2025
Аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық жасауға арналған іс-шара
Алматы қаласы Наурызбай ауданының барлық білім беру ұйымдарында аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық жасауға арналған іс-шаралар жүргізілуде.  Соның бірі “№15 Санаториялық мектеп-интернат”КММ білім алушылары “ Алтын жүрек” пансионатында болып күмбірлетіп күй шертіп, әуелетіп ән салып қарттарымыздың батасын алып ерекше әсермен оралды. Қазан айы бойы білім алушылар мен еріктілер қарттарды, еңбек ардагерлерін және мүгедектерді қолдау мақсатында игі істер атқаруда. Бұл шара аға ұрпаққа құрмет, көмек және
«Ұстазға тағзым – ұрпаққа өнеге»
29
сентябрь
2025
«Ұстазға тағзым – ұрпаққа өнеге»
«Ұстазға тағзым – ұрпаққа өнеге» атты мақала «Білімді ел – Образованная страна» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бетінде жарияланды. Мақалада “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар, ардагер ұстаздарға көрсетілген құрмет,  сондай-ақ 340 оқушыға арналған жаңа мектеп ғимаратының құрылысы туралы мазмұнды ақпарат берілген. Жас ұрпақтың бойына құрмет, парасаттылық және патриоттық тәрбие сіңіруде ұстаздардың еңбегін дәріптеудің маңыздылығы атап өтілді.
Оқушылардың сергіту жаттығулары
23
сентябрь
2025
Оқушылардың сергіту жаттығулары
Мектебімізде әр аптаның сейсенбісінде сабақ басталар алдында оқушылар үшін қысқа мерзімді сергіту жаттығулары дәстүрге айналған. Бұл жаттығулардың ұзақтығы – 3 минут, мақсаты – оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, сергіту, денсаулығын нығайту және оқу процесіне белсенді кірісуге ықпал ету. Осындай шағын жаттығулар балалардың сабаққа деген ынтасын арттырып, білім алу барысында ширақ әрі белсенді болуына жағдай жасайды.
Ұлттық диктант
22
сентябрь
2025
Ұлттық диктант
«Ұлттық диктант» – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жоба. Негізгі мақсаты – Мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Бұл бастама әр азаматқа сауатты жазудың тек білім өлшемі емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершілік, мәдени қатысым және тілге деген құрметтің көрінісі екенін ұғындыруға бағытталған.