«Ана – гүл, ана – өмір шуағы»
8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өтті. 🌸 Іс-шараның мақсаты – нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы айрықша рөлін дәріптеп, оларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Сонымен қатар, оқушылардың әйел-аналарға деген құрметі мен алғысын жеткізіп, ұл балалардың қыз баласына деген адамгершілік сезімдерін қалыптастыру болды. Мерекелік кеш барысында оқушылар өз өнерлерін паш етіп, жүрекжарды тілектерін білдірді. Қыз