«Абай-дана, Абай-дара қазақта»
Абай Құнанбайұлы – қазақ руханиятының темірқазығы, ұлтымыздың ұлы ұстазы, кемеңгер ойшылы. Биыл халқымыздың біртуар перзенті, ақын, философ, ағартушы Абай атамыздың туғанына 180 жыл толып отыр. Бұл – тек қазақ елі үшін ғана емес, барша түркі жұрты мен адамзат баласы үшін маңызды тарихи белес. Абайдың мол мұрасы – ұлттық құндылықтардың қайнар көзі. Оның қара сөздері мен өлеңдерінде терең ой, парасаттылық, адамгершілік, еңбекқорлық, білімге құштарлық секілді асыл қасиеттер айқын бейнеленген.